ӨМІРБАЯН Жұмагелді Нәжімеденов шілденің 25 жұлдызында, 1953 жылы Қошалақ ауылы, Құрманғазы ауданы, Атырау обылысында дүниеге келді. 1972-1976 жылы Атырау музыкалық колледжісын домбырадан оқыған. 1978-1987 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын үздік бітіріп, Атыраудың музыка колледжісінде домбырадан сабақ беріп, сондағы студенттік оркестрді басқарды. 1987-1990 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлектеттік консерватриясының оркестрлік дирижерлық факултетін ассистент стажер классын СССР халық артисі, профессор Ш.С.Қажығалиевтен бітіріп, «Әсемқоңыр» студенттік оркестрін басқарып, дирижер болып қызмет атқарды. 1990-1994 жылы Атырау қаласында Дина Нұрпейісова атындағы профиссионалдық ұлт-аспаптар оркестрін ашып, дирижер болып тағайындалды. 1998 жылдан ғылыми жұмыспен айналысып, Қазақтың мәдени саясат және өнертану институтының, акустика және музыкалық технология лабораториясының меңгерушісі болып еңбек етіп келеді. Он сегіз кітаптың авторы, соның ішінде Ж.Нажмеденов «Акустические особенности казахской домбры» (монография) Ақтөбе, 2003.160 бет Нәжімеденов «Домбыраның қоңыр үні», «Өнер» баспасы, 2007 ж 200 бет, «монография» «Домбыра үйренгің келе ме?» 2005 ж, (қазақша, орысша, ағылшынша, арабша) төрт тілде 1-2 кітап, «Менің Қазақстаным» атты қазақ ұлт-аспаптар оркестріне арналған партитура»), 2005ж. баспадан шықты. Сонымен қатар 2003 жылы «Музыкально-акустические свойства казахской домбры» атты еңбегімен кандидаттық диссертациясын қорғап, 2004 жылы
...